Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

«Қыздар не теңін, қатынына ие боп ал!». Досымның шаңырағы аяқ-асты ойран болды

343

Оның әкесі Ережеп еңселі кісі еді, ал Бибі апай хас сұлудың өзі. Осы екі артықшылықты Аллам Жанболаттың бойына құя салған. Содан аудандағы бар қыз-қырқын сонікі.

– Жанар біліп қойса қайтесің?

– Білсе біле берсін, екі бала тұрғанда ол қайда барады? Ал мына, өздері келіп қойынға кіретін 15-17 жастағы жас иістен бас тартудың өзі күнә емес пе?..

Иә, райынан қайтаруға тырысқанда Жанболат үнемі маған осылай дейтін. Білуі білді де, бір-екі рет үстінен де түсті. Бірақ Жанболат айтқандай, екі бала тұрғанда қайда барсын, ары тулап, бері тулап қойғандай боп еді…

Бірде Жанардың да жүріс жасап жүргенін біліп қалдық. Ондай әңгіме жатсын ба?.. Бірақ білсек те білмегендей боп жүр едік.

Арамызда көп сөйлемейтін, арақты да жарытып ішпейтін қатқан қара Қылқи деген досымыз бар еді. Бір күні бәрін сол бүлдірді. Кезекті бір басқосуда Жанболаттың серілігін айтып, ақтан тартып үстел басында өңшең еркек ду-ду етіп отырғанбыз.

– Әй, 9-сыныпта ғана оқиды. Қалай сындырдың оны, – деп Жанболатты қолқалай кеттік бәріміз.

– Сындырған түгім жоқ, өзі жұмысқа телефон соқты (Ет комбинатында есепшіні таситын шопыр еді, сол кіре берістегі күзетші будкасында бәрі отыратын, сол араға хабарласқан ғой қыз). Содан ананы сұрап, мынаны сұрап, сөйтіп кездестік. Барсам кішкентай қыз, жаман боп қалдым. Әңгімемді айтып, үйіне кіргізіп жібергем. Содан ол үнемі әлгі будкаға хабарласып, мені сұрайды екен. Балғын ғой, көңіл шіркін қимайды. Күзетші жігіттер саған звандады десе, кәдімгідей мерейім тасып қалады. Содан бос уақыт – түскі 2-3-те хабарлассын дедім. Не керек, ақыры боп тындық қой, – деді.

https://kaz.365info.kz/kelin-dep-tysirgeni-atakhty-zhezokshe-eken-bizdin-auyldagy-okhiga-273664

– Ал анау көзі – танадай қыз, ол да оқушы емес пе, – деді арамыздағы тағы біреу. Жанболат аузын дәмдеп әңгімесін айта бастағанда Қылқи астынан су шыққандай ытқып тұрды да сұқ саусағын оған кезеп:

– Сен, сен бар ғой, елдің қызының емес, ана әйеліңнің етегіне ие боп ал, ұқтың ба, – деді де есікті бір теуіп ашып, жоқ болды.

Жанболатыңыз не, өзгелеріміздің бәріміз шок болдық. 1 минуттық тым-тырыс сәт. Көшенің басында тұратын, 3-4 жас үлкендігі бар Мейрам ол тыныштықты бұзды: «Көктем ғой, көрінсе осы Қылқиға көрінейін деп жүр, ей. Іші тар бәле ме, немене?.. Жәке, мән берме оған, одан да өзің тасып жүрген ана есепшінің жырын айтып берші» деп қолын қусырып, қиыла кетті.

Арқамыздан бір жүк түскендей бәріміз де оны қолдап, қайта дабырға көштік.

Бір уақытта ұйқым келіп төмен салбырап кеткен басымды көтерсем, үстел басында Жанболат жоқ. Ішім зу ете түсті. Қасымдағы Касканы жұлқылай бастадым, әй анау жоқ, бірдеме ұғып қойған жоқ па деймін оған. Аузынан сілекейі аққан Касканың мыңқ етер түрі жоқ. Атып тұрдым да Қылқидың үйіне қарай тарттым. Үйге жақындағанда ыңырсыған дауыс шығады. Жатқан жерде – Жанболат. Қасында Қылқи отыр. Сабап тастапты. Өй деп болғанша:

– Келгенің жақсы болды, алып кет мынаны. Сөз ұқпайды. Ұрмасыма амал қалмады, – дейді. Ішімнен аң-таңмын. Мынаған мұндай батырлық қайдан пайда болған деймін. Қолтықтай алған Жанболатты үйіне апарып кіргізгенге жүрегім дауаламады. Не де болса деп біздің үйге бір-ақ кіріп, бірге құладық.

Шаң-шұң дауыстан оянып кеттім. Сөйтсем көрші Бибі апайдың дауысы.

https://kaz.365info.kz/ashynasyn-z-jine-kelgen-zhigit-o-baj-staldy-233062

– Ойбай, өлтіретін болды ғой, өлтіретін болды, – деп күңіренеді.

Мең-зең боп тұрған мен мұны естігенде басым шайдай ашылды. Есікке қарай тұра ұмтылдым. Әлі таң атпапты. Не деген ұзақ түн еді деп ойлап үлгердім.Бибі апай есік алдында жүр, қолында пышақ, тағы бір нәрселер.

– Балта қайда, балта деген Жанболаттың үй ішінен жаман зор дауысы шығады.

Ішке кірсем бір қолымен Жанарды шашынан ұстап, сүйреп жүр. Екінші қолымен ауаны қарманады. Құшақтай, құлай кеттім үстіне. Сонда да шаштан жібермейді. Өлтірем оны, өлтірем, жібер, – дейді…

Сөйтсе үйге барған Жанболат: «Сен, шалава, бәрін бүлдіріп жүр екенсің ғой» десе, Жанар еш шіміркпестен: «Иә, сол керек өзіне» депті.

Сонымен быт-шыт. Елге екеуінің де қарайтын түрі жоқ. Масқара болды осылай.

https://kaz.365info.kz/yz-k-jeuge-yz-bop-tiyui-kerek-215153

Ережеп ағаның қайтқанына да 3 жылдай уақыт болған. Ақыры ажырасамыз деп шешіпті. Үй де сатылды, мал да сатылды. Шешесін алып Жанболат ағасы тұратын Оралға тартты. Сол жақта жатақханадан бір бөлме сатып алыпты. Екі ұл Жанарда қалды. Ол балаларын алып, Арқалыққа кетті. Осылай айрандай ұйып отырған досымның шаңырағы аяқ-асты ойран болды…

(Әңгіменің жалғасын мына сілтемеден оқи аласыздар)

Бауыржан, Торғайдан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз