“МузАРТ” тобының солисті өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.
“Мен үшін үшін дұға тілеп, жақсы тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп жатқан отандастарыма басымды иіп рахмет айтамын. Мен ақ халаттағы абзал жандарға өте ризамын.
Ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкір. Ата-анама, өзімнің отбасыма, бауырларыма, әріптестеріме шексіз алғыс айтамын. Менің саналы өмірімде халқым мені еркелетіп, жақсы көрді.
Қымбаттыларым менің, пандемия бар. Өзіңізді қорғаңыз. Сақ болыңыз. Денсаулық — баға жетпес байлық екенін ұмытпайық. Қорытындылай келе, мен үшін алаңдайтындардың барлығына алғыс айтқым келеді. Мен сіздерді қатты жақсы көремін. Ауырмаңыздар!”, – деп жазды Бесбаев.
Емделіп жүрген кезінде Мейрамбек оқырмандардың көңіл-күйін көтеру үшін, жастық шағынан суреттер жариялады. Ол мансабының басында қандай болғанын еске алды.
Эстрада жұлдыздарын қоса алғанда, жазылушылары Мейрамбектің жастық шағында өте сымбатты болғанын жарыса жазды. Кейбіреулер оны түрік актері Бурак Озчивитпен салыстырды.