Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Контрабандалық жолмен алып өтбекші болған контейнер ішінен автокөлік табылды

Себебі, инспекциялық кешенді тексеру сканері арқылы контейнер ішінде кедендік құжаттарда (инвойс) мәлімделмеген заттар күдік тудырды.

Содан кейін “Жібек жолы” жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің уақытша сақтау қоймасында жүргізілген тиянақты кедендік тексеру нәтижесінде

контейнер ішінен бұрын пайдалануда болған автокөліктің қосалқы бөлшектері мен 2014 жылы шығарылған BMW 528 маркалы жеңіл автокөлік табылды”, – делінген хабарламада.

Тауар жөнелтілушілердің әккілігі сонша, аталмыш автокөлікті сканерден жасыру мақсатында қосалқы бөлшектердің ішіне фольга қағазымен мықтап орап тастаған екен. Соған қарамастан, әккі әрекет қырағы кеденшінің назарынан тыс қалмады.

“Қазіргі уақытта ұсталған автокөліктің кедендік құнын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Егерде кедендік құнның мөлшері 5000 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабының 1 тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалады”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Дерек көз: Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз