Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

“Көңіліме қатты тиді…”. Мақпал Жүнісова өзі туралы видеоға қатысты пікір білдірді

122

Төреғалидың сахналық әріптестері Бүркітті жарыса құттықтағандай белсенділік таныта қоймаған.

“Төреғалиға бауы берік болсын айтып, хабарласқан едім, шетелде жүр екен. Әншілер көп құттықтамады Instagram арқылы. Бүркітті бәрі құттықтап жатыр, біздің ұлды ешкім құттықтамады деп ренішін білдірді”, дейді журналист Анна Данченко.

 

 

https://kaz.365info.kz/ajelim-ap-ademi-toregali-toreali-zandy-zhybajyn-korsetti-foto-260825

Бұл орайда Бүркіттің қуанышына арнайы келген Мақпал Жүнісова Төреғалиды не себепті құттықтамағанын түсіндірді.

“Мен естіген жоқпын.

Қазір өзім көңіл-күйім болмай, ренжіп жүрмін. Себебі Instagram арқылы 7-8 жыл бұрын болған оқиғаларды дайректке жіберіп жатыр. Көңіліме алып қалдым да, телефонды өшіріп тастадым.

Қуаныш деген, қыз деген жақсы. Төреғалидың әйелі үш қыз туды, бірден жұмаққа баратын болды. Төреғали бауырымды құттықтаймын, қызыңның бауы берік болып, артынан енді үш ұл ерсін. Біз соған тілектеспіз. Қыздарды қорғайтын, қамқоршы болатын азаматтар дүниеге келе берсін.

Төреш, шын жүректен құттықтаймын. Мен сенімен біргемін”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Сол сияқты Ақбота Керімбекова да Төреғалиға тілекші екенін, алайда оны құттықтап үлгермегенін жеткізді.

 

 

https://kaz.365info.kz/shalmen-ozim-sojlesem-toregaliga-bir-azhej-kholdau-bildirdi-313749

 

Ал бұл орайда Төреғалидың үшінші қызына Фатима деп есім бергені белгілі болды.

Бұған дейін қыздарының есімін тек “Т” әрпінен қойып келген Төрештің бұл әрекетін Мақпал Жүнісова қолдап отыр.

“Фатима деген жақсы есім. Біздің ұлы есімдеріміздің бірі. Өзі Меккеге барып келді. Сондықтан да бұл дұрыс бастама. Енді осыдан кейін бірден ұлдар келетініне мен сенімдімін. Алладан сұрағандай болып отыр ғой. Адам Алладан сұраса, құлшылық етсе, алдында бәрі жақсы болады деген сөз”, – дейді ол.

 

https://kaz.365info.kz/makhpal-zhynisova-bolat-nazarbaevtyn-ozine-khamkhorshy-bolyp-kelgenin-ajtty-307631

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз