Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Комиссия құрамына шаруалар мен прокуратура өкілдерін де қатыстыру керек – Дос Көшім

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Дос Көшімнің ойынша, бүгінде жергілікті жердегі конкурстық комиссияларға қатысты ережелерге өзгеріс енгізген жөн.

– Ережеде комиссиялар тұрақты жұмыс істейді деген сөз бар. Бірақ олар неше жыл жұмыс істейді, қанша жылдық мерзімі бар, қандай құқығы бар сияқты мәселелер жазылмаған. Сондықтан біздер өз тарапымыздан 5 жыл жұмыс істейді деген ұсыныс жасап отырмыз. Себебі әрбір әкімшілік өзі келеді де, жерді бөлетін уақыттарда өзіне комиссия жасақтап алады. Сондықтан комиссияның тұрақты мерзімі болуы қажет деп есептейміз. Мүмкін ол бес жыл болмайды, басқа, бірақ енді тұрақты болуы қажет дегеннен кейін біз бес жыл ұсынып отырмыз, – дейді Дос Көшім.

Бұдан бөлек, конкурстық комиссиялардың құрамына қатысты көптеген мәселелер бар. Халық оның құрамына кіретін билік өкілдеріне сенбейді.

– Екіншіден, ережеде комиссия мүшелері бес адамнан кем болмауы керек деген талап бар. Оның ішінде ауылдық округтердің әкімдері, жер ресурстарының және тағы басқа атқарушы биліктің азаматтары бар. Әрине, қазір Атамекенді (қазіргі ұсыныстар бойынша – авт.) қосып отыр. Одан тағы басқа. Бірақ біздің ойымызша, барлық ауылдық округтардан бір-бір адам комиссияның мүшесі болуы қажет.

Бұл комиссия ай сайын жұмыс істемейді, жылына бір рет істей ме, екі жылда бір істей ме, оны уақыт шешеді. Сол уақыттарда жерге тікелей қатысы бар, жермен жұмыс істеп жүрген адамдарды әрбір ауылдың жиналысы бекітіп, сол комиссияға кіруі тиіс. Сонда барлық адамдардың қатысуы болады.

Сондай-ақ аудандық прокурор комиссияның мүшелігінде міндетті түрде болуы қажет. Ол комиссияның заңдылығын бақылайтын болады. Оған қоса, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары комиссияның жұмысына қатысуы шарт. Қысқасы, комиссияның үштін бір бөлігі ғана билікте, қалғаны қарапайы халық болуы қажет деп санаймыз, – деп атап көрсетті саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз