Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Көлігіңіздің «егізі» табылып жүрмесін

Одан кейінгі, тексеріс барысында қалада тура сол мемлекеттік нөмерлі маркасы да, түсі де дәл келетін көліктің бар екені анықталды. Оның иесін табу полицейлерге қиын болмады.

Іздестіру бөліміне келген ер адам сасып қалды: темір тұлпарлар егіз қозыдай болып шықты, тіпті, бір қарағанда, оларды шатастырып алуыңыз да мүмкін.

Сол арада “егіз автоның” жүргізушісі автокөлігінің техникалық құжаты мен мемлекеттік нөмірі жалған екенін білмегенін айтып жеткізді. Ол машинаны осыдан бір жарым жыл бұрын өзінің танысынан сатып алғанын айтып, автоның барлық тұрғыдан заңды екеніне толық сенімді болған.

— Сондай-ақ, жүргізушінің жүргізушілік куәлігінің де мерзімі өтіп кеткен екен. Біз бірнеше әкімшілік хаттамалар толтырып, соның ішінде жалған мемлекеттік нөмерлік белгілерді қондыру және пайдалану бойынша, материалдарды Алматының Медеу аудандық ІІБ-на өткіздік, деп мәлімдеді Алматы қ. ІІД Жергілікті полициясы қызметінің іздестіру бөлімінің инспекторы Олжас Мәліков.

Медеу АІІБ-нда аталған факт бойынша сот алды анықтау шаралары басталды. Бастапқы мәліметтер бойынша автомобиль-клон соған қарағанда елімізге Қырғызстаннан жеткізіліп, кедендік тазалаудан өтпеген тәрізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз