Ақмола облысының полицейлері Көкшетауда 25 жастағы жүкті келіншектің көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мəліметіне қарағанда, 6 тамызда Краснояр кентінің тұрғыны 25 жастағы келіншек перинаталды орталықта көз жұмған.
«Перинаталды орталықта Краснояр кентінің 1993 жылы туған тұрғынының көз жұму оқиғасына байланысты ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», – деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.