Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Коғамдық кеңестің әлеуеті деген осы! Министрдің өзі кішірейіп, кешірім сұрады

Сөйтсе, оның орынбасары – вице-министр Альберт Рау зейнетақы қорынан бөлінетін 50 миллиард теңге туралы қателесіп, мәлімдеме жасапты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Бірер күн бұрын Үкімет қазақстандықтардың зейнетақы салымдарын темір жол-машина жасау саласына салып, сауықтыруға ниетті екенін мәлімдеп, биыл осы саланы қолдауға БЖЗҚ-ға тиесілі 50 млрд теңге бөлінетіндігін мәлімдеген. Әлі даудан басы арыла қоймаған зейнетақы қоры ақшасына аяқ-асты ие бола қалған ҚР Инвестиция және даму министрлігі оны қалай жұмсайтындарына дейін тәмпіштеп түсіндіріп үлгеріп еді.

Вице-министр Альберт Раудың айтуынша, миллиардтаған қаражатты жүк вагондарының жетіспеушілігі мен олардың экспортын ұлғайту проблемаларын шешуге пайдалану жоспарланыпты. Жалпы, зейнетақы ақшасына 3 мың темір жол вагоны жасалмақ.

Міне, осындай ақпарат БАҚ беттерінде пайда бола салысымен БЖЗҚ жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Досым Сәтбаев бұл шараның салымшылар мүддесіне қайшы екенін айтып, Фейсбуктегі жеке парақшасында оған наразылық білдірді. Сөйтіп, өздерінің ресми ұстанымын жариялады. Онда зейнетақы жинағы тек табысты салаларға салынатыны, ал сауықтыру секілді мемлекеттік бағдарламаларға оның пайдаланылуы өрескел қателік екені баса айтылды.

Көп ұзамай, зейнетақы ақшасына өз саласын „сауықтырмақ„ болған министрлік жауап қатып, тіпті, министр Жеңіс Қасымбек Досым Сәтбаевтан кешірім де сұрады.

Ал вице-министр баяндамасында айтылған 50 млрд теңгенің бір бөлігі ғана зейнетақы жинағанынан тартылуы мүмкін екен, онда да бұл жәй ұсыныс көрінеді.

„ҚР Инвестиция және даму министрлігі коллегиясындағы Альберт Раудың баяндамасында айтылған “Қазақстан темір жолы” вагондарының өнідірісіне БЖЗҚ-дан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпарат жобаны қаражаттандырудың бір жолы ретінде ғана ұсынылған. Бұл саланы қаржыландыруға БЖЗҚ-дан басқа да қаражат тарту көздерін жұмылдыру қарастырылуда. Бүгіндері теміржол саласын қаржыландыруға қатысты нақты шешімдер қабылданған жоқ. Ол жәй ұсыныс қана„, – делінген министрлік жауабында.

Міне, құрылғанына әлі бір ай болып үлгермеген қоғамдық кеңес, осылай өз әлеуетін байқатып қалды.

Енді министрлер мен Үкімет айтатын әрбір сөзін алдын ала ұғынып алмаса, осылай халық алдында дүбаралықтары әшкерленіп, масқара бола бермек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз