Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кинотеатрларды ашуға әлі ерте — Денсаулық сақтау министрлігі

Иллюстрация: Family And Media

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Санитарлық дәрігерлер кинотеатрлар, бассейндер, SPA орталықтары мен басқа да осындай қоғамдық орындарда жаппай жұқтыру қаупі өте жоғары деп санайды. Кинотеатрлар әлі ашуға рұқсат берілмейді. Өзіміз де соңғы рет киноға наурыз айының басында бардық, сағынып қалдық, бірақ күте тұру керек. Денсаулық бірінші орында. Кинотеатрлар әлі күнге дейін инфекцияның берілу қаупі жоғары қоғамдық орынға жатады, —деп түсіндірді ол.

Қожахметовтың айтуынша, кинотеатрларды ашуға болатын нүктеден әлі өткен жоқпыз.

Барлығы біз айтып отырған көрсеткіштерге ғана байланысты емес. Провизорлық және инфекциялық ауруханалардағы төсектердің 24%-ында әлі де науқастар жатыр, бізде R саны 0,72-ге тең. Бірақ қуануға әлі ерте. Кинотеатрларды, SPA орталықтарын және басқа да клиенттерге қызмет көрсету орындарын сенімді түрде ашуға болатын шектен әлі өткен жоқпыз. Сондықтан күте тұрайық, шыдамдылық танытайық. Аз уақыт қалды деп үміттенемін, —деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз