Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Кіммен болғанымды білмеймін» – алматылық бір әйелдің масқара шындығы

388

Бірақ, сол дастархан, мейрамханадан есімде қалған соңғы нәрсе – сағатқа қарағаным, түнгі екі жарым. Ары қарай есім жоғалған… Үйімнің есігін ашып жатқанымды білемін, бірақ аша алмай жатырмын… Тағы есім жоқ…

Бір есім кіргенде үстімде біреудің еңкілдеп жатқанын көрдім, бірақ күйеуім емес екенін анық түсінемін.

Ары қарай ұйықтап кеткен екенмін. Осылайша таңертең тыр жалаңаш күйде ояндым. Масқараланған сезімде, ұяттан өртеніп, есімді жия алмай тұрмын. Мұндай нәрсе қалай болды? Бұған дейін той-томалақтарда аздап ішетінмін, бірақ мұндай күйге алғаш рет түсуім.
https://kaz.365info.kz/skemende-zhyn-r-an-korporativka-tipti-244263

Енді қалай өмір сүремін?

Ең сорақысы – кіммен болғанымды білмеймін? Кім келді үйге?

Күйеуім жақсы адам, оны жақсы көремін. Сен «корпоративкадан» қалма, көңіл көтеріп қайт деп маған сенімін білдіріп, балаларымызды Қызылордаға өзі әкеткен еді. Не үшін сол күні ішкенімді түсініп болмаймын…

Міне, күйеуіммен сөйлесе де алмаймын, жүзіне қарауға ұят. Өзімді бір салдақыдай сезініп жүрмін. Күйеуіммен жатуға батпаймын. Оған ештеңе айта алмаймын, айтсам, ол ашуланса айналаны түгел қырады.

Ішіме сыймаған соң болған жағдайды туған әпкеме айттым. Ол енді осы қателікпен өмір сүруге тура келеді, бірақ күйеуіңе айтушы болма деді. Себебі ол мұндай сорақылыққа лайық емес, жанын ауыртасың деді. Бірақ, енді менің оның көзіне қарап тұрып өтірік айтуыма қақым бар ма? Мұндайдан кейін оның жанында болуға мен лайықтымын ба?

Күні кеше ғана қандай жағдай болмасын сүйген адамымды сатпайтын адамның бірі едім, ал бүгін оның көзіне шөп салдым, енді осы шындықты қабылдаудан миым бас тартады. Өзімнің осы қылығымды қалай қабылдаймын?

Осыдан кейін ұзақ ойландым. Жұмыстағылар сол күні бәрі дұрыс болған, менің жүріс-тұрысымнан артық ештеңе байқалмағанын айтады. Тек қатты масайрап қалған соң мені таксиге салып жіберіпті.

Сонда мен кіммен болдым? Енді не істеуім керек? Бәрін ұмытуға тырысамын…

Басқа амал бар ма?
https://kaz.365info.kz/bastygym-zorlap-tastady-astanalykh-ajeldin-maskhara-malimdemesi-267838
Аяжан Төрехан

Мақала VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз