Астананың миграциялық полиция басшысының шаш үлгісіне қатысты халықтың әзіл-әжуасы – халықтың үкіметке деген өкпе-ренішінің көрінісі.
Тұрғылықты жеріне тіркеуге байланысты қойыртпаққа наразы жұрттың бар ашуы сол кісіге қарсы бағытталды. Үкімет пен халық – бір-бірін аңдыған ит пен мысық сияқты, арасы тым алшақтап барады. Премьерден бастап лауазымды тұлғалар жемқор атанып, ұсталып жатыр. халық үкіметтің бастамаларына сенбейді, биліктегі кез келген адамның жаза басқан әрекетін келеке қылады.
Мұхтар Сеңгірбай
Facebook-тегі парақшасынан