Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үкімет экономикалық қиын кезеңдерде салықты азайту туралы ұсынысты қарап жатыр

Министрдің айтуынша, бұл жағдай кәсіпорынға құйылатын инвестицияның жетіспеушілігіне әкеледі.

«Қазақстанның өз ерекшеліктері бар. Жер қойнауын пайдалану көрсеткіші бойынша дамып және құлдырап жатқан кен орындары жұмыс істеуде. Өндіруді қажетті деңгейде ұстап тұру үшін инвестициялар қажет. Қазіргі салық пен баға деңгейі бұған жол бермейді. Біз өндірісі төмендеп келе жатқан кәсіпорындарға қолдау, яғни оларға қазіргі табыстарын жоғалтпай, қосымша ресурстар беруді ұсынғымыз келеді», – деді ведомство басшысы.

Министр ертең жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс тобының жиынын өткізетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол қазақстандық шикізатқа сұраныстың төмендегенін айтты.

«Шикізатқа сұраныс азайып келеді, себебі баламалы қуат көздері пайда болып жатыр. Алдағы 30-40 жылда біз қолда бар ресурстарды айналымға, өндіріс пен экспортқа максималды түрде енгізуіміз керек. Бұл үшін әдіс-тәсілдерді өзгертуіміз керек», – деді Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, жаңа кен орындарына жаңа инвестициялар тарту үшін табыстарға салық салудан арылып, қаржылық нәтижеге салық салуға көшу керек.

«Бүгінгі таңда біз бастапқыда табыстарға салық саламыз, ал қаржылық табысқа көп мән бермейміз. Осы салада жұмыс жүйелі түрде барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асады. Біз экономика төмендеген кезеңде инвестицияларды тартып, айналымға енгізбекпіз. Бұл алдағы 5-7 жылда өсімге қол жеткізіп, жұмыспен қамту деңгейін көтеріп, салық салынатын базаны арттыруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз