Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“… Кім не десе, о десін”. Ділназ Ахмадиева отбасылы адаммен жүргенін мойындады (видео)

387

Осы кезде тілші: “Күйеуіңнен ажырасқан соң бір сезімнің болғанын айтып едіңіз ғой, бірақ, өкінішке қарай ол менімен бола алмайды деп едіңіз” деп бір әңгіменің шетін шығарды.

https://kaz.365info.kz/akhsh-sahnasynda-ogash-khylykh-korsetken-dilnaz-ahmadieva-zhyrttan-sogis-estidi-video-290160

«Иә, онымен бірге бола алмаймын. Өйткені оның басы бос емес. Өз үйі, отбасы бар. Тіпті, ол арақатынасымыз басталмай жатып, бірден тынды. Шынымен де менде сезім болды.

Жалпы, мен табиғатымнан тез ғашық боп қалатын адаммын. Бірақ ол менің жеңілтектігімді білдірмейді. Бірақ адамдар оны әртүрлі қып айтады ғой, кім не десе о десін.

Өз басым, оны жаман нәрсе деп ойламаймын. Жүрекке бұйрық жүрмейді емес пе?..

https://kaz.365info.kz/anshi-dilnaz-ahmadieva-amerikalykh-aktermen-konil-khosyp-zhyrgeni-ras-pa-foto-video-277529

Мен үнемі нені қалаймын, соны жасаймын. Шынымды айтамын, біреуді алдап қайтемін. Бірақ бұл жолы ақылға жеңдірдім. Оған күшім жетті. Сөйтіп ол адамды жібердім, өзін де, сезімін де. Өйткені менің өмірлік қағидатым сондай. Менікі деген нәрсе тек менікі болуы керек. Ал бөтендікі маған керек емес. Өз-өзіңді құрбандыққа шалудың қажеті жоқ.

Қыздарға тоқалдыққа көнбеңдер дер едім. Жалғыз сүйіктісі болғанға не жетсін?.. Оның үстіне біреудің отбасын бұзғаннан қайыр бар ма?

Бәрібір арты жақсы болмайды», – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз