Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Кім айтып жүр оны?..”. Елбасы Қазақстанның қарызы көп дегендерге жауап берді (видео)

Ал біздің қарызымыз небәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 процентінен де төмен»,

– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айтты.

«Ал бұлар (қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар) менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын.

Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты.

«Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс», – деді ҚР Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз