Қызыл су басып жатқан Қызылорда облысындағы ауылдардың жағдайы қиындай түсті.
Әсіресе, Қазалы ауданындағы жағдай мүшкіл деп хабарлады КТК телеарнасы. Мұнда бірнеше елді-мекенді су шайып кеткен. Соның салдарынан тұрғындар төрт түлiктерiнен айырылып, қыруар шығынға батып жатыр.
Тасқыннан негiзiнен Қазалы ауданындағы Басықара, Сарыкөл және Құмжиек ауылдары зардап шегуде. Аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды су шайғандықтан, қатынас та жоқ. Апат аймағындағы жұрт мамандардың алдын ала ескерту жасамағанына қапалы. Ал шенеуніктер судың қанша жерге таралғанын және келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісіп кетті.
Қызыл су басқан аймақта кеше төтенше жағдай жарияланғанын айта кетейік.