Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қыздықсыз күйеуге шығу қиын екен” – өкінген әйелдің жазбасы

2324

Әлде, біреу әдейі шағыстырып отыр ма? Бәлкім, қыздығы бар қыз тауып, басын сол дуалап жүр ме? Мені қойшы, ажырасқан күннің өзінде өлмеспін. Тесік моншақ жерде қалмас. Бірақ

бір шаңырақтың астында он жыл тұрғанда дүниеге келген қос бүлдіршінімізге обал емес пе?

Олар әкесіз қалай өседі? Мені қинайтыны сол.

Несін жасырайын, мен Ермаханға тиерде бар шындықты жасырмай бетіне айтқанмын. Өйткені кейін «бұл қалай?» деген түсіністік тумас үшін. Оңтүстік жақтың қызымын. Ауылда өстім. Неге екенін қайдам, үнді киноларын жақсы көрдім. Сол киноларда ойнайтын үндінің сұлу жігіттеріне ғашық болып өстім. Сөйтіп жүріп бойжеттім. Мектеп бітіріп, жолым болып, Алматыдағы мед академияға түстім. Мұнда индус, яғни, Үндістаннан келіп оқып жатқан үндінің жігіттері көп екен, біреуіне ғашық болып қалдым. Ол менің өзіне жиі көз тастайтынымды байқап қалса керек. Бірде тікке келіп танысты. Сөйтіп екеуіміз махаббат құрдық. Өте білімді, ақылды жігіт еді. Өзі әрі көрікті. Атақты үнді актері Амитабах Башаннан аумайтын.

Бірде достары жатақханда жоқ кезде бөлмесіне шақырды. Бардым. Құшақтастық сүйістік. Сол күні ол менің етегімді көтерді. Қысқасы, қыздығымды алды. Мен оған қарсы болмадым. Қайта сондай сұлу, ақылды, білімді жігіт тапқаныма қуандым. Екеуіміз үйленеміз деп шештік. Бірінші курсты бітірдім. Ол үшінші курсты. Жазғы каникулда ол еліне қайтты. Келген соң үйленемін, ата-анамнан рұқсат алып келемін деп кеткен.
https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzdarynyn-khyzygyn-da-khyzdygyn-da-sheteldikter-korude-284948
Өкінішке қарай,

оның айтқаны болмады. Елінде жүргенде жол апатына түсіп қайтыс болған екен. Бұл маған ауыр тиді. Бірақ жазмышқа озмыш бар ма? Шетелдік болса да сүйгенім еді.

Кейін жоғарғы курсқа келгенде осы Ермаханды жолықтырдым. Ол мені, мен оны ұнаттым. Кейін алғаш төсекте болған кезде басымнан өткен жағдайды, яғни бұрын жігітім болғанын, пәктігімді соған сыйлағанымды айттым.

Ол дәл сол кезде түсіністікпен қараған. «Ол өткен өмір ғой. Оны қазбалап қайтемін. Қазір мен сені сүйемін, сен мені. Бұдан артық не керек?» деп қоя салған. Түсінігі мол жігіт тапқаныма қуанған едім, сол сәттте.

Үйлендік. Бірінен кейін бірі екі баламыз дүниеге келді. Тату-тәтті өмір сүріп жаттық. Арада жылжып он жыл өтті.

Енді келіп,

«сен маған қыз болып келген жоқсың. Сенімен өмір сүрмеймін. Ажырасамын. Үйді босат» деп айқайлайтын болды.

Үйді ол өз қаражатына алған. Кейде ішіп, қызып келген кезде жұдырық ала жүгіретінді шығарды. Мен оған қарсы дау айта алмаймын. Рас, оған тигенде қыздығым болмады. Оны өзіне айтқанмын. «Қойсашы, Ермахан ол өткен өмір ғой. Саған тигелі, көңіліңе күдік келтірдім бе? Көзіңе шөп салдым ба? Анау досың Шалқардың әйелі оның көзіне екі күннің бірінде шөп салса да, қыңқ етпей өмір сүріп жатыр ғой. Ал сен қайдағы ит жылғы дүниені қоздатасың» деп жалынып айтып көрдім. Болмайды.
https://kaz.365info.kz/esimi-zhanna-edi-zhanym-dep-khyshkhanym-zhalep-eken-298979
Соған қарағанда, күйеуім қыздығы бар, пәк қыз тапқан секілді. Өйткені бір ай бұрын көп қыз-қырқын жұмыс істейтін бір компанияға директор болып барған. Сол жерден біреуді тапты ма екен? Білмеймін.

«Бір күнгі ұрыс отбасының қырық күнгі берекесін алады» дегендей, қазір үйде жиі жанжал болатын болды. Шаршадым.

Ермахан болса «балаларыңды ал да кет. Үйді босат» деуден танбады. Не істерімді білмей жүрмін.

Баяғыда қателік жасаппын. Өзім дәрігер болып жүріп, қыздық тіктіріп алып, түк болмағандай «мен қызбын» деп тие салуым керек еді.

Қайдан білейін, аңқаулығым ба, әлде адамды алдап, өтірік айтып көрмегендік пе, бар сырымды ақтарып тастап, енді опық жеп жүрмін. Кетейін десем, Ермаханды жақсы көремін. Қалай десең де, балаларымның әкесі ғой. Тіпті «балаларымыз үшін бәрін ұмытшы. Шаңырақты құлатпайықшы» десем де болмайды.

Шамасы мені де, қос баласын да қиналмай айырбастайтын біреу тапқан сияқты. Енді қос құлынымды жетектеп, бұл үйден кетуге тура келіп тұр.

Мұны неге жазып отырмын. Қазір ойнақтап жүріп от басып, қыздығын кім-көрінгенге алдырып жүрген қыздар көп. Солардың талайы байға тиіп артынша ажырасып жатады. Оның басты себебі, жігіт үшін қыздың пәк болып келмегендігінде. Сондықтан қыздарға айтар ақыл-кеңесім,

байқамай пәктігіңнен айырылып қалсаң, тұрмысқа шығар кезде кейін мен секілді күйеуің «қыз емессің» деп айтып, бетіңе шіркеу етпес үшін, қыздық тіктіріп алғандарың жөн.

Өйткені «қыз емес едің» деген үлкен даудан сонда ғана құтыласыңдар дегім келеді. Күлпаш. К».

Көрнекі фото: vk.com
https://kaz.365info.kz/b-lingen-t-gi-zho-p-ktik-zhasatu-30-my-te-ge-t-rady-246672

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз