Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде теракт болды

Жергілікті үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, 3 террорист қолына пышақ алып, аудандағы шағын тұрғын үй аймағының тұрғындарына шабуыл жасады. Олардың әрекетінен 5 тұрғын қаза тапты және 5 адам ауыр жараланған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 лаңкесті оқиға орнында атып өлтірді.

Теракт болғаннан кейін, аудандағы барлық дүкендер мен қонақ үйлер жабылды. Полиция халықтан үйден шықпауды және жалған ақпарат таратпауды талап етті. Жергілікті үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, қазір Пишан ауданында ахуал тұрақтанды, тиісті тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз