Танымал әнші қысқа белдемше киген қыз бен «өнегелі таксист» туралы даулы роликке қатысты пікір білідірді.
бұндай адамдарға әр адамның өмірі мен ар намысына қол сұғуға болмайтынын түсіндіру мүмкін емес
Бірақ басқаны жеткізу керек.
ЗАҢ бар.
Қызды машинаға қамап, оған тәрбие беру — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ
Бұл адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру. Бұл үшін адамдар түрмеге отырады.
Жезөкше деп айту — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ. Бұл моральдық зиян келтіру, бұл үшін айыппұл төлеу керек.
Еркектер, сіздерге дәстүрлер мен бұрынғы өмір салты ұнай ма? Жарайды. Онда уақыт машинасын ойлап табыңыздар
Біз барлығымыз сол уақытқа қайтып оралайық. Ал әлем алға жылжып, ғарышты бағындырсын. Әйелдерге сонша шүйілгенше, өзімізге үңілейік. Сен Илон Масксің бе және ракетаны ұшырдың ба? Жоқ па? Онда бар да жұмыс істе!
Қысқа белдемше саған кедергі келтіре ме? Кальяныңды шегіп бол да, психотерапевтке бар
Әйелдерді жайына қалдырып, жұмыс істеңдер.
Қыздар, ешкім сіздерге қандай киім киіп, қалай жүріп-тұру керегін айта алмайды», — деп жазды Аружан.