Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиеваның жалаңаш жүкті суреті елдің сынына қалды.
Алмазбек Атамбаевтың қызы Facebook желісіндегі парақшасында өзінің жүкті екенін мәлімдеді. Ол жүктіліктің 39-40-шы аптасында екенін айтып, суретін жариялады. Әлия Шагиева өткен жылдың қыркүйегінде тұрмысқа шыққан екен. Қырғызстан президенті қызының жолдасының есімі – Константин. Бұл туралы ол соңына дейін айтқысы келмегенін жасырмады.
Әлия Шагиеваның есімі наурызда атақты бола түсті, ол Даун синдромымен ауыратын балалардың қоғамдық қорына 200 мың соң қайырымдылық ретінде аударған. Бұл қаражатты Әлия өзінің сурет көрмесінен түскен табысы деп отыр.