Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Қырғыз оппозициясы: “Жиенбековтың аждаһаға айналып кетуіне жол бермеуіміз керек”

310

Бұл туралы олар бүгін, 27 қарашада баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Олардың айтуынша, алғашқы ауқымды жиынға қатысушылар құрылтайда қабылданған қарардың барлық баптарын біртіндеп орындауды көздеп отыр.

Атап айтқанда, олар Бас прокуратурадан Атамбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауын, парламенттен бұрынғы мемлекет басшысының қол сұғылмаушылық құқығынан айыруды талап етеді.

Ыстықкөл облысының үкіметтегі бұрынғы құзырлы өкілі Эмилбек Каптагаевтың пікірінше, қазіргі президент Сауранбай Жиенбековке басқарудың “бұзылған” түрі қалған.

Дегенмен Құрылтай оның бір жылдағы президенттік басқаруын “жаман емес” деп бағалады.

“Бірақ біз Сооронбай Жиенбековтың аждаһаға айналып кетуіне жол бермеуіміз керек”, – деді Каптагаев.

Баспасөз конференциясын өткізгендер Құрылтай өз мақсатына жетті деп мәлімдеді. Олар екінші форумды 2019 жылы сәуірде өткізуді көздеп отыр.

Бішкекте 24 қарашада қоғамдық-саяси ұйымдардың ұйымдастыруымен “Қырғызстан: кеше, бүгін, ертең” тақырыбында құрылтай өтті.

Форум қабылдаған қарарда саяси тұтқындарға қарсы қозғалған қылмыстық істер қайта қаралып, Қырғызстан Конституциясының жаңа нұсқасы қабылдануы керектігі айтылған.

Құрылтай Жогорку Кенештің қазіргі шақырылымының жұмысын теріс бағалаған.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз