Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қостанайда қыз бала аттракционнан құлап бұғанасын сындырды

Салдарынан билеп жүрген жігіттердің бірі қыздың үстіне құлап, бұғанасын сындырды. Қазір бала ауруханада жатыр.

Қыздың анасының мамандығы заңгер, Орталық саябақ әкімшілігімен соттасуды көздеп отыр.

 

Tagada аттракционының қаупі қандай?

Tagada әлемдегі ең қауіпті аттракциондардың бірі және АҚШ пен Аустралияда тыйым салынған, өйткені адамдарды ұстап тұратын ешқандай белдік жоқ. Олар аттракциондағы диванға отырып, металл тұтқалардан ұстауы тиіс. Кейбіреулердің қолы шығып кетіп, құлап, жарақат алып жатады.

Салдарынан бес бала зардап шегіп, төртеуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

Сонымен бірге “тарзанкадағы” екі оқиға көпшілікке белгілі. Қостанайда резеңке арқан үзіліп кетіп, алты жасар қыз зардап шеккен. Ал Астанада сондай аттракционда жас қыз жарақат алды.

Ең қорқынышты жайт 2015 жылы Шахтинскіде болды. Екі жасар Варвара Переседова аттракционның ашық айналып тұрған механизміне түсіп кетіп, мерт болған еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз