Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанайда автобус қаққан қыздың анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

“Менің қызым әрқашанда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтеді. Автобус қаққан күні де солай болған. Қызым №7 мектептің 9-шы сыныбында оқиды. Таңертең 7.30-да ол үйден шықты, 7.35-те автобус қаққан”,дейді көзі жасқа толы Айгүл Жұмақова.

Қыздың анасына 8.00-де хабарлаған.Автобустың ішінде жансақтау бөлімінің медбикесі болған. Анасының айтуына қарағанда, жеделжәрдемді күтпей,тез арада қызды ауруханаға жеткізу керек деген шешімді де қабылдаған сол медбике екен.

Ауруханаға келгенде қыз ес-түссіз болған.

“Автобус жүргізушісінің іс әрекеті түсініксіз. Ол қатты жылдамдықпен келе жатқанына күмәнім жоқ. Қызым жолдан өте бере-ақ соққы алған. Екінші келе жатқан жеңіл көлік тоқтаған, сол кезде автобуста тоқтайтын шығар деп ойлаған ғой. Ол болса жол ережесін өрескел бұзған”, деді өзін өзі әрең ұстаған анасы.

Қазір Камила жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Кеше есін жиған,анасын таныды,бірақ қазірше сөлеген жоқ.

Аурухананың бас дәрігері анасының сөзін мақұлдап, медбикенің жансақтау бөлімінде жұмыс істейтінін, қазір қызға қарап жатқанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз