Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қостанай облысында қазақ батырына арналған алып ескерткіш сүрілді (видео)

Сонда 3- ақ жылда ескірді ме? Салғылары келсе жер жетпей ме? Бұндай ескерткіш Қарабалықта бұрын болмаған, халық ерекше қуанып қарсы алған еді. Ал жұмсаған қаржыны қайтеміз? Тиімділік қайда?» – деп наразылығын білдірген Мұрат Әбенов мұны жаман ырымға теңеді.

Айтуынша, үстіне арқан тастап, халықтың көзінше, ел қорғаған батырларымыздың ескерткішін жерге жығу жақсылықтың нышаны емес. Егер әкімдік басқа ескерткіш тұрғызғысы келсе Қарабалық ауданында оны орнататын жер жеткілікті еді дейді экс-депутат.

«Батырларға ниет қылып, аруақтарына тағзым етіп жасалған дүниені олай “мойынан” арқан байлап, трактормен жұрттын көзінше жерге құлату ойға сыймайтын қастандық», – деп жазды ол.

Осы ретте айта кету керек, қылышынан қан тамған «қызыл режимнің» көсемі Владимир Лениннің ескерткіштері Қазақстанның бірнеше қаласында әлі тұр.

Қоғам белсенділері оларды сүру туралы бірнеше рет мәселе көтергенімен билік «Ленинмен қоштасуға» құлықсыздық танытып отыр.

Аруақтардан қорықпай ма бұлар?Ырымы да жаман – үстіне арқан тастап, халықтың көзінше, Ел қорғаған батырларымыздың ескерткішін жерге жығу …Ел болып , бірігіп , ақша жинап "Қазақ Батырларына" тағзым етіп қойылған ескерткішті бұзған несі? Қостанай облысында Қарабалық ауданында 2015 жылы ғана Қазақ хандығынын 550 жылдығына арнап жергілікті белсенді азаматтар қаржы жинап құрған есекеркішті бұзуға шешім қабылдаған. Орнына басқасын салмақшы. Сонда 3 ақ жылда ескірді ме? Салғылары келсе жер жетпей ме?Бұндай ескерткіш Қарабалықта бұрын болмаған, халық ерекшемқуанып қарсы алған еді. Салам десе жер жетпей ме кең далада. Сол жерге ғана түру керек пе? Ал жұмсаған қаржыны қайтеміз?Тиімділік қайда? Бүкіл Ел болып Рухани Жаңғыруды қолға алып жастарды өз отанын қорғау , тарихты құрметтеуге үйретіп жүрсек жергілікті биліктің бұл шаруасы түсініксіз. Мен не деймін , домбырам не дейді … реті келді. Жалпы ырымы жақсы емес. Батырларға ниет қылып аруақтарына тағзым етіп жасалған нәрсені олай "мойынан" арқан байлап трактормен жұрттын көзінше жерге құлату ойға сыймайтын қастандық.

Gepostet von Мурат Абенов am Dienstag, 4. September 2018

 

Дерек көз:Sn.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз