Қостанай облыстық сотына ауыл тұрғынына қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
38 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінде көңілдесімен бірге ішімдік ішкен. Ертесі күні тағы ішімдіктен ұрттаған олардың арасында ұрыс туындаған.
Артынша анықталғандай, ер адам арақты көңілдесіне қалдырмай ішіп қойғаны үшін, олар ұрысып қалыпты.
Алған жарақатының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.