Қостанай қаласында бірқатар мектептің педагогтары бірыңғай киім үлгісіне ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.
Бірыңғай киімге киінген №1 мектеп-лицейдің, №3 гимназияның, С.Мәуленов атындағы гимназияның, №18 және 21 мектептің ұжымдары форманың түсін және үлгісін өздері таңдаған.
«Біздің ұжымда әйелдер көп, сондықтан форма жакет пен белдемшеден тұрады. Мереке күндері және жиналыстарға ақ жейде кию міндетті. Ал қалған күндері басқа түсті жейделерді ауыстырып киюге болады. Біз ата-аналардан мұғалімдердің формасы ұнағанын естіп жатырмыз», – деді №21 орта мектептің директоры Анар Қабдулинова.