Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің бір бөлігін қысқартады

268
Сурет: azh.kz

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлердің штаттық саны 34%-ға, 729-ден 480 адамға қысқарады. Қысқарту тек орталық аппаратқа қатысты болады. Компания басшылығы, бұндай өзгерістер бизнес-үрдістерді оңтайландырады деп есептейді.

— Ұжымдық орталықтың құрылымы шағын болып, бизнестің шығынын мейілінше азайтып, дағдарыстың салдарын еңсеру үшін тез арада жауап қатып, тиімді шешімдер қабылдай білуі керек. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатында көптеген қызметтен бас тартамыз және еншілес компаниялармен өзара әрекет алгоритмін қайта қарастырамыз, –  деп осы шешімге қатысты ҚМГ басқармасының басшысы Алик Айдарбеков пікір білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз