Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады

221

8-сыныпта гимназияға ауысып, ол жерде ағылшын оқи бастадым. “Қоян” деп жазып, “қасқыр” деп оқитын тілді түсінемін дегенше екі жыл өте шықты. 10-сыныпта басқа мектепке ауыстым. Ол мектебімде жұрт ағылшын тілінен олимпиадаға қатысып жүр екен, содан қайдан шықса одан шықсын деп, француз тіліне бардым. Оны да қатырмағанымды түсініп отырған шығарсыздар. 

Орыс тілін “а, я, ь үшеуіне аяқталса – женский род, о, е әріптеріне аяқталса – средний род, қалғанының бәрі мужской род” деген қарапайым ережемен үйрендік. Әлі күнге дейін “пальто” деген сөз көпше түрде қалай оқылатынын білмеймін. “Польта” деп оқыла ма, әлде?.. 

Өзімнің ана тілімді таза білемін ғой деп, соған тәубе етіп жүретін едім. Бірақ, қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады. Күнде бір жаңа сөз, күнде бір жаңалық, неше түрлі жалғау… Тілдің заңдылығы деген болатын еді, қазір оны әркім-әркім қалауынша өзгертіп ала беретін болыпты. 

Қазіргі орфография бойынша “раҚмет” деп жазған сайын жағым ауырады. Соны жазған адамдар “раҚмет” дегенді қалай айтады екен деп қоямын.

Жұлдыз Әбділдә 

Фейсбук парақшасынан 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз