Нұр-Сұлтан
Қазір
-24
Ертең
-11
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бестеректегі балалар өлімі: қаза тапқан балалардың ата-аналары талап қойды

 

Сондай-ақ олар Үржар аудандық сотының әрекетіне де құқықтық баға берілуі керек деп санайды. Олардың пікірінше, сот істі уақытылы әрі жан-жақты қарамаған.

«Жауапты қызметкерлер салғырттық танытқан, бірақ өз басқармаларында тек ескерту мен сөгіс алған. Бізге тергеу осынымен аяқталды деп хабарлады. Бұл жай ғана жаба салатын жағдай емес. Ол алты баланы қағып, тура мағынасында басып кеткен. Оның төртеуі қаза тапты, екеуі ауыр жарақат алды», – дейді жәбірленуші тараптан Ернар Бұланбаев.

Жол апаты салдарынан екі жасар ұлынан айырылған Ернар Бұланбаев пен оның жұбайына сот әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы тағайындады.

Ал жол апатында үш бірдей баласынан айырылған Таңшолпан Каримова мен оның жұбайына әрқайсысына 15 миллион теңгеден моральдық шығын, сондай-ақ 336 мың теңге материалдық шығын және әрқайсысына 200 мың теңгеден өкілдік шығын өтеу белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз