Алматылықтар қалалық полиция департаменінің жанына жиналып, алаяқтардың істін тергеуді талап етті.
Ал олардың кейбірі пирамидаға өзінің барлық жинақтарын — ондаған мың доллар ақшасын салған. Тек алматылықтар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары да зардап шекті. Олар шамамен екі мың адам, ал шығын 37 млн долларға бағаланып отыр.
Пирамиданың жетекшісі қайда екені белгісіз, бірақ араға уақыт салып бейнежазба түсіріп, салымшыларға қарызды қайтарып беремін деп уәде берді. Қазірдің өзінде ер адамға халықаралық іздеу жарияланды, бірақ оның мекенжайы әлі белгісіз. Бір қызығы, оның бағыныштылары мен бухгалтері ешқандай жауапкершілікке тартылмаған.
– Республиканың басқа қалаларында зардап шекендер бар, іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар бізге жіберілді. Бұнда барлық істің басын қосамыз. Негізгі кінәлі адам сырттай қамауға алынды. Оған іздеу жарияланды, – деп атап өтті Алматы ПД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.