Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық пойыздарда әйелдерге арналған купе пайда болуы мүмкін

Мәжіліс отырысы кезінде депутаттар мұндай купелердің әлемдік тәжірибеде қолданылып келе жатқанын атап өтті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың айтуынша, бұл норма заң жобасы аясында тасымалдаушы компаниялармен ақылдаса отырып қаралып жатыр.

“Билет сату бойынша жаңа жүйе аясында біз әйелдерге жеке купе таңдау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Купеде ешнәрсе өзгермейді, тек әйелдер таңдау құқығына ие болады”, — деді комитет төрағасы.

Мұнымен қатар, заң шығарушылар билет сатып алып, кейін оны жекеменшік кассаларында қымбаттатып сататын азаматтарға қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізбек. Осы мақсатпен ҚТЖ компаниясы билет сататын кассалар санын азайтып, орнына автоматтанырылған жүйе енгізбек.

Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз