2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезеңінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, медициналық ұйымдарға түскен жүктеме едәуір төмендеді.
Денсаулық сақтау министрлігі 3 тамыздан бастап карантиндік шектеулерді жеңілдетуді ұсынды
— Эпидемиологиялық жағдайдың ағымдағы көрсеткіштерін жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету жоспарын ұсынды. Осы айдың ішінде қалыптасқан динамиканы ескере отырып, біз аталған жоспарды мемлекеттік комиссия отырысында қарастырамыз және тиісті шешімдер қабылдаймыз, —деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.