Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Денсаулық сақтау министрлігі 3 тамыздан бастап карантиндік шектеулерді жеңілдетуді ұсынды

156
Сурет: primeminister.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Санитарлық шаралар сақталып, маска киіп, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда, сондай-ақ бір апта ішінде төсек орындарының қамтылу көрсеткіші 70%-дан кем болса, өлім-жітім деңгейі мен инфекцияның репродуктивтілігі төмендеген жағдайда 3 тамыздан бастап келесі объектілердің жұмысына рұқсат етіледі:

  • жұмыс уақыты мен күндеріне шектеу қойып, СОСО, СҮ, сауда желілері, жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар;
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, бір топта 5 адамнан аспайтын үйірмелер;
  • кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр;
  • мемлекеттік органдар мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталуы тиіс.

Сонымен қатар:

  • әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасау. Сондай-ақ 30 адамнан аспайтын ұлттық құрамаларға  спорттық жаттығулар жүргізуге;
  • тұрғындардың көшелерде ең көп дегенде 3 адамнан орын ауыстыруына, саябақтарға, скверлерге және жағалаулық топтарға баруына;
  • масалық, санитарлық-дезинфекциялық режимді және уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып, кондукторлардың болуын міндеттеп, қоғамдық көліктің  50%-дан артық емес толтырылып, жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Министр келесі нысандардың жұмысына тыйым салынуын қолдап отыр:

  • бұқаралық іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;
  • мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;
  • мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • спорт залдар, фитнес-орталықтар, бассейндер, жағажайлар, аквапарктер жұмысына;
  • діни объектілердің жұмысына;
  • жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электр пойыздарының) қозғалысына, жалпы вагондарды, қалааралық автобустардың (шағын автобустардың) жұмысына жол берілмейді.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз