Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда заманауи академиялық музыка əлеміндегі бірегей оқиға

487

2022 жылы 28 тамыз сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтетін концерттің бірнеше ерекшелігі бар. Ең алдымен, бұл бір композитор шығармаларынан тұратын авторлық концерт. Симфониялық музыка авторлық концерті — өте сирек оқиға. Авангард, заманауи академиялық музыка симфониялық концерті — ерекше құбылыс. Рахат-Би жаңа композиторлық техникаларды қолдана отырып, аспаптарда ойнаудың кеңейтілген əдістерін пайдаланған.

Сонымен қатар Рахат-Бидің рояльда ғана емес, органда да өнер көрсетуі — кездесе бермейтін жағдай. Талғамы биік өнерді бағалайтындар үшін нағыз сыйлық, əрине, Рахат-Би Абдысагинның концертіне арнайы шақырылған заманауи академиялық музыканың ең атақты дирижерлардың бірі Клемент Пауэрдің (Ұлыбритания) өнері болмақ. XX-шы жəне XXI-ші ғасырлардағы көрнекті туындыларды интерпретациялауымен танымал Пауэр маңдай алды жаңа музыкалық ансамбльдермен бірлесіп жұмыс жасауда.

Бағдарламда Prologue (Пролог) симфониялық оркестрге арналған, The Will to Live (Өмірге Құштарлық) фортепиано жəне симфониялық оркестрге арналған, Symphony Ghosts of Immortality (Симфония «Мəңгілік Елес»), Qubylys — фортепиано жəне оркестрге арналған симфониялық поэма, The Sacred Universe of Particles (Таңғажайып микро-бөлшектер əлемі) – оркестрге арналған симфониялық шығарма, I raggi di Dante (Данте Шапағаты) – хор, орган жəне симфониялық оркестрге арналған кантата орындалады.

Орындаушылар қатарында — солист — Рахат-Би Абдысагин (рояль/орган), Бейімбет Демеуов — Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, дирижер — Клемент Пауэр (Ұлыбритания).

Автор туралы:
Рахат-Би Абдысагин (02.02.1999 ж.т., Қазақстан) — дарынды композитор əрі пианист. ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мəдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы. 2 опера жəне 150-ден аса классикалық музыка туындыларының авторы. Оның музыкасы Еуропа, Азия жəне Американың атақты концерт залдарында орындалуда.

2019 жылы 20 жасында Италияның үш беделді жоғары оқу орындарының докторантураларын (postgraduate): Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясымен Рим қаласындағы Санта-Чечилия Академиясын (композиция бойынша), және Чезаре Поллини атындағы Падуя консерваториясын (фортепиано бойынша) аяқтады.

Рахат-Бидің шығармашылық өмірі бірегей оқиғаларға толы. 2022 жылы Германияда әйгілі Verlag Neue Musik Berlin баспа үйінде оның «Selected Solo Works» (Sammelband) атты партитураларының арнайы жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа симфониялық оркестрдің жеке әр аспабы үшін жазылған жұмыстар кірді. Мамандардың айтуынша, Рахат-Би осындай ауқымды жобаны жүзеге асырған әлемдегі екінші композитор (бұған дейін — ұлы итальяндық композитор Luciano Berio (1925-2003) болған). Германияда (Kreuzberg records, 2021-2022) оның үш фортепианолық
компакт-дискісі жарық көрді: «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Chopin and Liszt», «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Viennese Classics: Haydn, Mozart, Beethoven», «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Beethoven». CD-лер Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және т. б. ірі дүкендерінде сатыла бастады. Атап айтқанда, оларды әлемдік Amazon-да сатып алуға және iTunes, Apple Music, Spotify, Deezer сияқты және т. б. барлық танымал streaming платформаларында тың дау ға б ола ды. Осылайша, әлем қазақстандық музыканттың шығармашылығымен танысуға зор мүмкіндік алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз