Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда қымбатшылық бола ма?

Қазақстан биыл 20 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев жаздағы құрғақшылықты ескерсек, бұл көрсеткіш өте жақсы дейді. Дегенмен, диқандар ұтылмайтын сияқты.

“Жаңа өнімнің бағасы, егер былтыр бидай 35 мың теңге деңгейінде сатылса, қазіргі таңда 3-ші сыныпты бидайдың 1 тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Біз бағаның одан әрі көтерілуін күтудеміз”, – дейді Шүкеев.

Министрлік өкілдері бұл жағдай мемлекетке пайда әкелмесе, зиян келтірмейді деп отыр.

“Баға көтеріліп, бүгінгі бағада тұратын болса, біздің ауылшаруашылығына, біздің фермерлерге ол баға жақсы деп есептейміз”, – дейді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Берік Бейсенғалиев.

Нанның бағасына әсер ететін тағы бір фактор – дизель құны. Өмірзақ Шүкеев мемлекет бөлген арзандатылған жанармай аймақтарға нарықтық бағамен жетіп жатыр деп премьер-министрге шағымданды.

Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, бәленің бәрі облыстардағы тасымалдаушы операторлардан деп ақталды.


“Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігі және тиісті жергілікті органдар реттеу керек. Мысалы 150 теңгеден алады, біздің есеп бойынша 160-тан сату керек. Одан көп болмауы керек”, – дейді Энергетика министрі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылары жылдағыдай мемлекет тарапынан арзанға бидай сату арқылы нарықтағы бағаны реттейміз деп отыр.
Жоспарланған 20 миллион тонна астықтың жеті миллионы ғана экспортталады десек, қалған бөлігі ішкі нарыққа сатылады екен. Демек, бұл бидайдан тартылған ұнның бағасын қымбаттатпау үшін қазынадан көп ақша жұмсау қажет болатын сияқты.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз