Солтүстік Қазақстанда әрбір екінші жұп ажырасуға арыз береді екен, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Былтыр Петропавлда мыңнан астам отбасы ажырасып кетіпті. Ең ажырасқыштар негізінен үйленгеніне бес жол толмаған жастар екен. Ажырасу себептері әртүрлі: «мінезіміз жараспадыдан бастап», үйіміз жоқ, күйіміз жоқ, ақша жоқ дегендей мәселелер көп.
Кейбіреулер тіпті әйелінің жүкті болуы мен баланың туылғанын да ажырасуға себеп деп санайды екен.