Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,3 млрд иена (167,3 млрд теңге) қарыз алатын болды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.
Құжат шетелдік банктен қарыз алу туралы келісімді бекітуді көздейді.
«Заң жобасы Үкімет қаулысымен Мәжіліске 2024 жылдың 23 қазанында енгізілді. Қарыз туралы келісімге 2024 жылдың 21 тамызында Астанада қол қойылды. Банк Қазақстанға 52,7 млрд иена сомасында қарыз бөледі. 2027 жылдың 1 маусымына дейінгі жеңілдік кезеңін қосқанда, қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл. Қарыз жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін де тартылады», – деді депутат – қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева.