Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстан Оңтүстік Кореялық тез дайындалатын кеспелерді елге әкелуге тыйым салды

122
Дереккөзі — xcook.info

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Оттоги Рамен Ко», ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Оңтүстік Кореялық тез дайындалатын кеспелерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салу туралы қаулы шығарды, —

делінген хабарламада. —

Осылайша, өнім қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде комитет мамандары   орамасындағы дайындаушысы «Оттоги Рамен Ко» (Оңтүстік Корея) деп көрсетілген «Джин Рамен» деп аталатын тез дайындалатын кеспеде генетикалық түрлендірілген соя желілерінің сандық құрамының (MON 89788 1,45% — 10,25%) асып түскенін анықтады, қалыпты жағдайда ол 0,9% болуы керек.

Айта кету керек, бұл өнімнің тұтынушылық қаптамасында өнімдегі гендік-модификацияланған ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат болған жоқ. Белгіленген талаптарға, оның ішінде «Кодекс Алиментариус» Халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес құрамында 0,9%-дан астам ГМА бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануы керек.

Бұл өнім мониторинг жүргізу барысында анықталды. Өнім Алматы қаласының сауда объектілерінен сатып алынды (…) Сауда желілерінен сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оны сатудан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін хабардар етуге тапсырмалар берілді ( … ), сондай-ақ Қазақстанның тұтыну нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарламалар жіберілді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз