Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қатонқарағайда 7 күн демалу 420 мың теңге! Бұл не баға?

Себебі, біріншіден бізде баға ұшып тұр. Біреуінде сервис сын көтермесе, біріне барар жол жоқ. Бұл сылтау емес, солай!

“Кеттік Түркияға!” деп, өре түргелмес бұрын, іздендім. Қатонқарағайға дейін қоңырау шалдым.

“Биылғы прайс шыққан жоқ, былтыр адам басына тәулігіне 28 мың теңге болған” деді.

Санайық.

Екі адамға 60 мың делік. 7 күнге 420 000 теңге. Бұл не баға? Қолында жарты миллион (!) ақшасы бар адам ел көріп, жер көрем деп, Эмиратқа кетіп қалмай ма?! За то 5* қонақүйде жатады…

Бізде онсыз да Туризм департаменті бар. Инвестициялар және даму министрлігіне қарайды. Әлгі министр мырза айтқан шаруамен осы ведомство да айналыса алады деп ойлаймын.

Жан-жақтан ұлттық компанияларды аша бергеннен бұрын жұрттың аузында жүрген жоғарыдағы үш мәселені жолға қойып алған дұрыс.

Шетелге атымызды шығарамыз деп, шаба бермей, бірінші елдегі туризмді бір ізге салып алайық. Сол».

Міне, ел осылай дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз