Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі қолдау шараларының теңдесі жоқ — саясаттанушы

272
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл шараларды  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саясаттанушы Санат Көшкімбаев «алдын алу шаралары» деп атады. Олар ең алдымен қиын жағдайларда халықты қолдауға бағытталған. Алдағы уақытта жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз.

— Олардың жүйелілігі мен дәйектілігін атап өту керек. Олар бұрын көрсетілген қолдау шараларымен де үйлесім тауып отыр. Жағдай қарқынды дамып келеді. Біз бір күннің ішінде тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де өзгеруі жағдайдың күрт өзгеруі мүмкін екенін көріп отырмыз. Сол себепті де осындай шұғыл шаралар қажет.

Саясаттанушының айтуынша

оның мәлімдемесінің негізгі тақырыбы: халықты, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау

Көмек көрсетілетін адамдардың саны айтарлықтай артты, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы көлемі өседі.

— Пандемия ШОБ кірісінің төмендеуіне тікелей әсер етсе, ол өзінен кейінгі  «тізбекке»  де солай әсер етеді. Шағын және орта бизнес — жұмыссыздықты жеңудің басты құралдарының бірі. Сондықтан, оған келтірілген шығынды алып тастау керек, билік Тоқаевтың мәлімдемесіндегі дәл осы іс-шаралар кешенімен жұмыс істегені жөн, —деді Көшкімбаев.

Әзірше бұл шаралар кешені алдағы уақыттағы қысқа мерзімге қарай жасалған.

Жағдайдың дамуына қарай, жаңа өзгерістер болуы мүмкін,

бұл туралы мемлекет басшасы да айтты.

—Тұрақты мониторинг туралы сөз болып отыр, себебі қазір тіпті бір айға болжам жасау қиын. Мемлекеттің үлесі жоғары немесе аз  кез келген экономика  нақты қолдау шараларын қажет етеді.

Қаржылық тұрғыдан бұл шаралардың теңдесі жоқ. Тоқаевтың «Біз біргеміз» деген сөзі жай ғана ұран емес, халық үшін өте маңызды месседж екенін көрсетеді, — деді Көшкімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз