Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қарай тұршы”. Ақтөбеде 11 айлық қызын біреуге тастап кеткен келіншек ұсталды

Тастанды қызды полиция қолына тапсырып, сәбилер үйіне өткізуді өтінген Вероника Козлова туған анасының өз балаларына жаны ашымайтынын айтады.

“Дүкенге барып, нан мен сүт әкелем” деп кеткен келіншек тек үш күннен кейін баласын іздеп келіпті.

Верониканың айтуынша, сәбидің анасы етене араласатын сырлас-мұңдас құрбысы да емес. Тек бір-екі рет көмек қолын созып, азық-түлік, қыздарының ескі-құсқы киімдерін беріп, көмектесіп тұрыпты.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/ysh-balasyn-ysh-kyn-kharausyz-khaldyrgany-yshin-khostanajlykh-kelinshek-zhazalanuy-mymkin-285954

“Баламды қарай тұршы” деді де, сол кеткеннен мол кетті. Софьяның түнімен ыстығы көтеріліп, мазасы қашты. Таңертең жедел жәрдем, полиция шақырдым. Біреудің баласын өлтіріп алам ба деп қорықтым. Бұған дейін де ортаншысын маған тастап кетіп жүрді. Үш күннен кейін келіп тұр. “Қайда болдың?” десем, танысын кездестіріп қалғанын айтты. Өзінің ащы судан ұрттап қоятыны да бар”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Вероника Козлова.

Софья қазір сәбилер үйінде. Мұндағы қызметкерлер бастапқыда күтімі болмаған бала екені түрінен байқалып тұрғанын айтты. Тамағы тоқ баланың мұндағы күтушілерге бауыр басып қалғаны соншалық, ешкімді жатырқамайды. Қызының осында екенін естігеннен кейін анасы да келіп кетіпті.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-tort-balasyn-tastap-ketken-bezbyjrek-ana-tabyldy-292169

“Анасы келді “Үміт” сәбилер үйіне баланың жағдайын біліп. Біз оны қамқоршылық кеңес органына жібердік. Тастап кеткен себебі “бір жағдайлар болды” деді бізге. Анасы “өзіме қайтарғым келеді” деді”, – дейді “Үміт” сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна Тастанова.

Өз баласына мейірімі жоқ келіншектің мәселесі қорғаншылық жөніндегі комиссияның алдағы отырысында қаралатын болады.

“Аталған әйел анықталып, ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз