Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қарағандылық әйел 5 жыл сексуалды құлдықта болғанын айтып салды (фото)

“Ішімде бәрі қайнап жатыр. Түсіндіріп айта алмаймын. Менің өмірімді құртқаны үшін ішімде қайнаған кек бар”, – дейді Қарлығаш.

Оқиға 1998 жылы басталған. 17 жастағы Қарлығаш Қарағанды педагогикалық колледжіне түседі. Алайда студент болып үлгере алмаған. Оны ер адам ұрлап әкетіп, далада зорлап, сосын Курчатов қаласының маңындағы ауылға алып кетеді. Белгілі болғандай мұны ұрлаған ер адам шаруа қожалығының басшысы, жергілікті беделді адам екен.

“Аяғыма жасыл граната байлап, оны есікке бекітіп қояды. Сосын “біреу ашатын болса, граната жарылады” дейді. Сол күйі мені тастап шығып кеткен кездері де болған. Әдейі ме, әлде ұмытты ма білмеймін. Ал мен бір күн бойы сол гранатаға таңылып отырдым,” – дейді ол.

Қарлығаш Омарханова жетім болғандықтан, оны ешкім іздей қоймапты. Кейін жалғыз әпкесі өтінішін полицияның қабылдамай қойғанын айтыпты. Ол құлдықта болған бес жыл ішінде ол үйде басқа қыздар да пайда болыпты. Бірақ, олар кейінірек қашып кеткен. Ал Қарлығаштың босауына сол жердегі жұмысшы көмектесіпті. Әйел кейін барып өзінің жүкті екенін білген. Қызын босанып, бірақ әпкесіне бармаған.

“Мен егер Қарқаралыға барсам, мені тірі қалдырмас еді”, – дейді әйел.

Содан бері де 13 жыл өткен. Күйеуге шықпаған Қарлығаш ауруханада санитарлық қызметкер болып істейді. Еркектерден әбден қорқып қалған. Интернатта оқитын қызының жыл санап әкесіне ұқсап бара жатқаны да әйелдің жанын жегідей жеген. Ақыры, ойлана келе “Мир добра” дағдарыс орталығына келіпті.

“Орталықтың әлеуметтік-психологиялық бейімдеу жұмыстары аясында біз оған көмектесеміз. Қазір онымен психологтар, психиатрлар жұмыс істеп жатыр”, – деді ұйымның жетекшісі Татьяна Абраменко.

Сондай-ақ, әйелдің түсірген шағымына сәйкес полиция қазіргі таңда бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғап үлгерді.

“Ауыр қылмыс үшін бұл уақыт 10 жылмен тең. Ерекше ауыр қылмыс – 20 жыл. Менің түсінгенім бойынша бұл істі қозғауға әбден болады”, – дейді Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро филиалының директоры Юрий Гусаков.

Ал Қарлығаш қыздың бұл жағдайлардан бейхабар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз