Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қарағандыда пәтер алып беремін деп елді алдаған әйел ұсталды

28 жастағы Қарағанды тұрғыны таныстарына өзінің әкімдікте жұмыс істейтіндігін, пәтер алуға көмектесуге мүмкіндігі бар екендігін айтып қауесет таратқан. Осылайша жекеменшік баспанасы болғанын армандаған 18 адам алаяқ әйелдің тәтті сөзіне сеніп, сан соғып қалды. Ол аңқау елді мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алып беретіндігін айтып сендіріп, олардың ондаған миллион қаржысын қалтасына басқан.

Зардап шеккендер пара беру арқылы заң бұзғандықтарын білмегендіктерін айтады. Қомақты қаржыларын әкімдік «қызметкерінің» қолына ұстатып, армандарындағы пәтерлерін күте-күте зарыққан олар алаяққа алданғандықтарын білген. Жапа шеккен тұрғындар құқық қорғау органдарына шағымданып, алаяқ әйелдің үстінен арыз түсірген. Көп ұзамай 28 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тергеу уақытында темір торға қамалған.

Қазыбек би аудандық соты әкімдіктің жалған қызметкерін 5 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды.

«Оған өмір бойына жылжымайтын мүлік саласында қызмет жасауға тыйым салынды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейтін болады», – деді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Кутышев.

Сондай-ақ, алаяқ әйел зардап шегушілердің 28 миллион теңгеге тарта ақшасын қайтарып беруі тиіс. Бірақ оның бұл қаржыны қалай, қашан қайтаратыны белгісіз. Себебі, оның меншігінде не пәтер, не автокөлік жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз