Алматы – Қапшағай тас жолында екі ауыр жүк таситын автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, салдарынан бір жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Today.kz.
Жол апаты автожолдан 34 километр жерде болған. Mercedes көлігі қала жаққа бағыт алып жол жиегінде тұрған. Оңтүстік бағытқа қарай дәл осы маркілі екінші автокөлік жүріп келе жатқан. Белгісіз себептермен ол тұрған көлікке бар күшімен соғылған. Қатты соққыдан тұрған жүк көлігінің кабинасы шашылып кеткен. Жүргізушісі алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.