Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Кетпейміз”. Алматыда саяхат базарының саудагерлері шу шығарды

Бас киім сатуды бес жылдан бері кәсіп еткен Нұрланның басы қатқан. Он күн ішінде орнын босатуы керек. Ары қарай не болары бұлыңғыр. Онсыз да несие ұйығынан шыға алмай жүргенде соңғы жаңалық ауыр соққыдай тиді.

“Енді сауда жүретін уақытта кетіңдер деп жатыр. Төрт ай бұрын айтылуы керек еді. Ескерту керек еді адам құсап. Нұрланның басындағы жағдай осындағы 400 дей саудагердің де басына қара бұлт болып үйірілді. Он жылдан бері отырған орындарынан аяқ асты су шығып, не үшін қуылып жатқандарын базар басшылығы дұрыс түсіндірмеген”, дейді қапа болған саудагер Нұрлан Кемелбаев.

Манар Бейсенбаева, саудагер: -Әкімнің өзі айтты 2020-шы жылға дейін тұрасыңдар, ешқандай қорқыныш жоқ деді. Бізді кім қорғайды? Бізді тыңдамайтын болса Астанаға дейін шығамыз.

Бақыт Әбдірайымова, саудагер: -Олар жеп, алып алғаннан кейін базарды аяқ асты жауып отыр. Жаңа жылдан кейін кредит алмаңдар, базар жабылып қалуы мүмкін десе, әркім өз жағдайын ойлап кредит алмас еді.

Базар басшылығы бүгінгі даудан басын ала қашқан болар, орнынан таппадық. Ескерту қағазымен шектелген. -Базарда шамамен 400 дей орын бар. Жалға алу, салық, күзет қызметіне саудагерлер күн сайын қалтасынан екі мың теңгедей шығарады.

Бірақ, мұнда ешқандай жағдай жасалмаған. Суық пен қардан қорғану үшін олар өз күштерімен мынадай шатырларды қойған. Аудандық әкімдік бұл жағдайдан құлағдар. Базардың сүрілуін қолдап отыр. Өйткені, жоспар бойынша жекенің қолындағы бұл жерде басқа нысан бой көтеруі тиіс екен. Оның үстіне, әкім көпшілік саудагер заңсыз табыс тауып келді дейді.

Бірақ, он жылдан бері біле тұра, заңсыз сауданы тоқтауға әрекеттенбей, енді ғана тыпырлағандарын түсіну қиын.

Мұхтар Тәжібаев, Жетісу ауданының әкімі: -Ертең мен бастамашыл топпен кездесем. Қай жерде, қандай базарларда орынды көмектесеміз. Келіссе барады, келіспесе өздерінің мәселесі.

Әкімнің ұсынысы бірақ саудагерлердің көңіліне қонбайды. Қысқа дейін қалдыруға базар басшылығы келіспесе, бұл жерден қуса да кетпеуге бекінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз