Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кешірім сұра…”. Нұрлан не бүлдіріп жүр?

Бұл туралы osgarut.com порталына сілтеп, Stan.kz  хабарлайды.

Сабыров өнер көрсетіп тұрғанда көрермендердің бірі телефонмен қатты сөйлесіп, бірнеше рет «анашым» деп дауыстап айқайлаған.

Ал әзілкеш Нұрлан Сабыров қыздың концерт залынан жүгіріп шыққанын көріп: «Бұл не болды?», «Сен өліп қаласың деп үміттенемін» деген. Көрермендер бұған жауап ретінде жанкүйерінің масқарасын шығарған әзілкештің сөзін қолпаштап, күле кеткен.

Концерт аяқталғаннан кейін қала тұрғындары желіде жас қыздың сол кештегі әрекетін сөз қылып, мән-жайды білуге тырысқан. Кейін қыздың жақын құрбысы сол күні олардың отбасында қайғылы жағдай орын алды деп мәселенің басын ашты.

Конценрт болған күні қыздың анасы оған әкесінің қайтыс болғаны туралы хабар берген. Осы себептен әзілкештің жанкүйері концерт кезінде «анашым» деп айқай салып, залдан жүгіріп шыққан.

Енді желі қолданушылар Сабыровтың әрекетін сөз қылып, оны сынға алды. Сондай-ақ әзілкеш жанкүйерінен кешірім сұрап, сол концерттен түскен қаражаттың бәрін қызға берсін деп отыр.

«Концертте жинаған барлық қаражатты қыздың әкесінің жерлеу рәсіміне берсін», – деп жазды Сургут қаласының тұрғыны Анастасия.

«Әрбір әзілдің айтылуға тиіс орны және уақыты болады. Сол күнгі әзілі орынсыз», – деп пікір білдірді Ольга атты көрермен.

https://kaz.365info.kz/toregali-khatemdi-keshirinder-dep-kontsert-bergeli-zhatyr-303898

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз