Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қырымдағы қанды қырғын. Колледж оқытушысы оқиғаның мән-жайын баяндады (видео)

209

https://kaz.365info.kz/15-ke-toldy-emshi-bala-erbolsynnyn-symdykh-suretteri-336356

“Ол кезде балалар түскі ас ішеді: біреулер үйінен алып келсе, басқалары асханаға барып тамақтанады.

Дүкенге барып, қайтып келсем, тарс еткен дыбыс шықты. Басында түк түсінбедік, петарда шығар дегенбіз.

Бірақ жер-көкті түтін басып, балалардың айғайлаған үні шықты, өрт сөндіру сигнализациясы іске қосылды.

Жүгіріп келсем (15-16 жастағы 25 студентім бар), бір қыздың басы айналып отыр, ештеңе көрмейді, екіншісі жарақат алыпты, қансырап жатыр”, — дейді оқытушы.

Қылмыскер адамдарға оқ жаудырған кезде, колледж директорының екі орынбасары мен оқу күнтізбесін жасайтын диспетчер қаза тауыпты. Сол күні әйелдің туған күні болған екен.

Тағы бір қызметкер әйел екінші қабаттан секіріп, көліктің үстіне құлап аман қалған.

Содан соң оқытушылар спортзалдағы төсеніштерді жинап, зардап шеккендерді соған жатқызып, алып шығарған.

«Қол-аяғын байлап…». Өз баласын өлтірген ақтаулық әйелдің көршілері мән-жайды айтты

Оқытушының айтуынша, колледждің кіреберісінде металл іздеуші бар, бүкіл жерде камера орнатылған, алайда білім беру мекемесіне дуалдан өрмелеп өтіп, кіруге болады екен.

“Мұны бәрі біледі… Оқу жылының алдында бүкіл жүйені ретке келтіріп, күзет жалдау керек  болатын”, — дейді ол.

Политехникалық колледжге шабуылды төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков жасаған, кей деректер бойынша, ол оқудан шығарылыпты. Бәлкім кек алу үшін шабуыл ұйымдастырған болуы мүмкін. Колледжге екі жарылғыш зат әкеліп, біреуін ғана қолданған. Кейін өз-өзіне қол жұмсады.

Керчь:Колледжде болған жарылыстан 10 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алған (фото,видео)

Агенттік дереккөзінің мәліметіне сүйенсек, оқ ататын қаруды Росляков заңды түрде алған: кәмелеттік жасқа толған соң, бүкіл медициналық комиссия және басқа тиісті процедуралардан өтіп, психиатрдың да қабылдауында болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз