Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Керчь:Колледжде болған жарылыстан 10 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алған (фото,видео)

Апат салдарынан 10 адам қайтыс болып, тағы 50-ге жуық адам жарақат алған.

Жарақат алғандардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Mash басылымының хабарлауынша, оқу орны орталық газ құбырына қосылмаған. Сондықтан, асханадағылар газ баллондарын қосуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік болған жайтқа қатысты әлі де ресми пікір білдірмей отыр. Олар Терроризмге қарсы ұлттық комитетке сілтеп отыр.

Бұдан бөлек, жергілікті ауруханаларға медициналық оқу орындарының студенттерін көмекке тартып жатқаны белгілі болды.

Олар дәрігерлерге жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қол ұшын созуда. Жарақат алғандардың көбінің жағдайы ауыр.

Сонымен бірге, дереккөздің мәліметінше, куәгерлер жарылысқа атыс себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл деректердің рас-өтірігі әлі анықталмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз