Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Келесі жылы зейнетке шығатын әйелдер алатын бір реттік төлем екі есеге ұлғайтылмақ

Оның айтуынша, 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап елімізде зейнетақының базалық деңгейі көтеріледі.

«Сондықтан оған іліккен нәзік жанды азаматтардың базалық зейнетақылары 2 есеге ұлғайтылып беріледі. Яғни, азаматшаларымыз зейнетақы көлемінен ұтатын болады. Ары қарай әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұлғайту үшін жарты жылдан қосылып отырады», – деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2010 жылы құрылған Әлеуметтік сақтандыру қорынан дүниеге бала әкелген аналарға жәрдемақы беріліп келеді.

«Дүниеге бала әкелген 150 мыңға жуық ана өз жалақыларының 40 пайызын аталған қордан алатын. 2016 жылы аталған қордан жәрдемақы алатын аналардың саны 255 мыңға жетті. Яғни 105 мыңға артып отыр. Демек, біз осы уақытта аналарды жұмысқа тартуға көп көңіл бөлдік деген сөз. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген аналардың саны көбеюде»,- деді Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз