Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Күрішбаев: “Жайылым жерлердi не жалға беруге, не сатуға болмайды”

Бұдан бөлек, экономикалық жұмыс тобының мүшелерi бiр қолға жалға берiлетiн жер көлемiн шектеудi қолдайды.

«Елдi мекендердiң жайылымдары үлкен мәселе болып отыр. Осыған байланысты екi ұсынысымыз бар. Бiрiншiден, елдi мекендердiң жанындағы жайылымдардың радиусын анықтау қажет. Екiншiден, елдi мекендердiң қасындағы жайылымдар мемлекет меншiгiнде қалуы керек. Бұл жерлердi не жалға беруге, не сатуға болмайды. Төртiншi, суармалы жерлер –  бiздiң алтын қорымыз. Бұл мәселеге өте сақ болуымыз керек. Бұл ретте, шаруашылық аралық су каналдары мен коллекторлық жүйелердiң жерлерi мемлекет құзырында қалуы тиiс. Бұл жерлердi жалға да беруге болмайды», – дедi Ақылбек Күрiшбаев.

Комиссияның бұл жұмыс тобы жер мәселесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн арнайы сайт ашуды ұсынды. Яғни, кiмнiң қанша жерi бар екенiн халық бiлiп отыруы керек. Сонда қоғамдық бақылау болады.

«Жердi бағалау мәселесiне келсек, жердiң кадастрын соңғы рет 2000 жылы қабылдаппыз. Сол кездегi өнiм, бағалау мәселесiмен әлi келе жатырмыз. Осыны қайта қарау керек. Бұдан бөлек, жер инспекторларының жұмысы жеткiлiксiз. Жергiлiктi жерлерде заңбұзушылық бар. Жердi тексеретiн комиссиялар жетiспейдi. Бүкiл ел бойынша 100 млн гектар ауыл шаруашылық жер болса, 217 ғана жер инспекторы бар екен», – дедi жұмыс тобының төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз