Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
15
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

“Үй кең ғой, жата бер!”. Путин Сноуденге елде тұруға берген рұқсатын екі жылға ұзартты

Эдвард Сноуден әр жылдары ЦРУ-мен және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігімен жұмыс істескен. 2013 жылы Сноуден журналистерге құпия құжаттарды берген. Құжаттарда америкалық арнайы қызметтің түрлі елдердің азаматтарын аңдығаны туралы мәліметтер болған. Сноуден соттан жасырынып, әуелі Гонконгке, кейін Ресейге қашып барған. Ресей оған уақытша тұруға рұқсат берген.

АҚШ билігі Сноуденді мемлекет мүлкін жымқырды, қорғаныс құпиясына жататын ақпаратты заңсыз пайдаланды және мемлекеттік құпия мәліметтерді әдейі әшкереледі деп айыптайды.

Әлемде миллионнан астам адам АҚШ-тың қызметінен кетіп бара жатқан президенті Барак Обаманы Сноуденге рақымшылық жасауға шақыратын петицияға қол қойған. Обама бұған дейін бұл үшін Сноуден АҚШ сотына тартылуы тиіс деген.

Кеше Барак Обама WikiLeaks-ке АҚШ барлау қызметінің құпия құжаттарын бергені үшін сотталған Челси Мэннингтің жазасын жеңілдеткен. Енді ол мамыр айында бостандыққа шықпақ.

Сноуден Twitter-де Мэннигке жасаған ісі үшін, ал Обамаға рақымшылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз